Теннис

Ерлер теннисі қауымдастығы күнтізбедегі үзілісті 31 шілдеге дейін созды

Ерлер теннисі қауымдастығы күнтізбедегі үзілісті 31 шілдеге дейін созды
news-banner7
mobile-news-top

Ерлер теннисі қауымдастығы (ATP) коронавирус пандемиясына байланысты үзілістің ұзартылатыны туралы хабарлады. Үзіліс кем дегенде 31 шілдеге дейін созылады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Осылайша, 8 турнир (Ньюпорт, Бастад, Гамбург, Лос-Кабос, Гстаад, Умаг, Атланта, Китцбюэль) ресми түрде тоқтатылды.

1 тамыздан ары қарайғы турнирлер әлі де жоспарланып жатыр деп хабарланған. ATP Tour күнтізбесінің келесі жаңаруы маусымның айының ортасына белгіленген

Бұған дейін WTA жұма күні де осыған ұқсас мәлімдеме жасауды жоспарлағаны туралы хабарланған болатын, бірақ оның егжей-тегжейі әлі белгісіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер