Теннис

"Ролан Гаррос" теннис турнирі биыл көрерменсіз өтуі мүмкін

news-banner7
mobile-news-top

«Ролан Гаррос» теннис турнирі биыл көрерменсіз өтуі мүмкін. Бұл туралы Франция теннис федерациясының президенті Бернар Джудичелли хабарлады.

«Біз ешбір нұсқаны есептен шығармаймыз. Тек бір нұсқаға басымдық берсек, бұл қателік болар еді. Турнирді көрерменсіз өткізу арқылы біз экономикалық модельді іске қосамыз. Жарыстың қашан басталатыны айтарлықтай маңызды емес. Турнир жауапкершілігі түгелдей бізге артылған», - дейді Джудичелли.

Айта кетелік, Париждегі теннис турнирі биылғы қыркүйекке жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер