ММА

«Гэтжи Фергюсонды нокаутқа жібереді»

«Гэтжи Фергюсонды нокаутқа жібереді»
news-banner7
mobile-news-top

ACA лигасында өнер көрсететін қазақстандық үздік файтер Артем Резников (21-6) UFC 249 турнирінің басты жекпе-жегі туралы өз болжамымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Флорида штатының Джексонвилл қаласында 10 мамырда таңертең UFC-нің жеңіл салмақтағы (70 келі) бұрынғы уақытша чемпион Тони Фергюсон Джастин Гэтжимен кездеседі.

«Гэтжи бұл жекпе-жекте аутсайдер болғанымен, бірақ ол нокаутпен жеңіске жетеді деп ойлаймын. Соңғы бірнеше жыл ішінде Джастин соңғы жекпе-жектерде Дональд Серронені, Эдсон Барбоза мен Майкл Джонсонды нокаутқа түсіріп, соққы техникасын дамытты. Фергюсон ашық айқасты ұнатады, соның салдарынан көп соққы жібереді. Меніңше, егер Тони Гэтжиден жойқын соққы өткізсе, қайта орнынан тұра алмайды деп ойлаймын. Гэтжи Фергюсонның алдыңғы қарсыластарымен салыстырғанда әбден тәжірбиелі.

Спортшылардың екеуі де толыққанды оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Тони қосымша тағы бір жаттықты. Ол нақты бір күнге дайындалып, салмақ қалыпқа келтірді. Салмақ қуғаннан кейін тағы жаттығып, бір бапты ұстап тұру қиын. Бұл шайқаста оған әсер етеді. Фергюсон және Хабиб осы салмақтың ең мықтылары. Егер Джастин жеңсе, UFC-дің жоспарын шатастырады.

Хабиб пен Тони арасындағы ықтимал жекпе-жек Фергюсон-Гэтии төбелесінің нәтижесіне байланысты болады. Хабибке Джастинмен күресу қиынға соғады деп ойлаймын, өйткені американдық қорғаныс қабілеті мен мықтылығы жоғары базалық балуан. Көбісі Джастинді бағаламайды, бірақ ол өте қауіпті», - деп түйіндеді Резников

Артем Резников Parimatch.kz букмекерлік кеңсесінің бренд өкілі болып табылады.

Еске салайық, UFC 249 турнирінің негізгі карды 10 мамырда Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де (Мәскеу уақытымен 05:00-де) басталады.

UFC 249 турнирінің тікелей трансляциясы

«Гэтжи шаршап қалады». Хабибтің ағасы Гэтжи-Фергюсон жекпе-жегі жайлы

«Биыл төбелеседі деп ойламаймын». Дэйна Уайт Нурмагомедов – Фергюсон кездесуі туралы не дейді

Дастин Гэтжи: Хабиб мені жер жастандыруға тырысса екен деп тілеймін

«Оның кінәсі емес». UFC президенті Хабибі ақтап шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер