русский язык
ММА

«Оның кінәсі емес». UFC президенті Хабибті ақтап шықты

«Оның кінәсі емес». UFC президенті Хабибті ақтап шықты
news-banner7
mobile-news-top

UFC президенті Дэйна Уайт ресейлік Хабиб Фергюсон мен америкалық Тони Фергюсон жекпе-жегінің өтпей қалғаны туралы пікірін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Хабиб пен Тони арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыра алмағандықтан, енді Фергюсон - Гэтжи кездесуін өткізу керек. Ойланатын ештеңе жоқ.

Бұл жекпе-жектің жеңімпазы уақытша чемпион атанады. Менің ойымша, барлығы Хабибтің Рамазаннан кейін жекпе-жекке дайын болатынын жазғанын көрді.

Халық оны Ресейде қалып қойды деп айыптады, бірақ Хабиб шындықты айтты. Не боларын ешқайсымыз алдын ала болжай алмадық. Бәріміз бұрыс шешімдер қабылдадық, нәтижесінде ол Ресейде қалып қойды.

Бұл оның ғана кінәсі емес, барлығымыз қателестік. Мен де бұл үшін жауапкершілікті мойындаймын. Бірақ бәрі осылай болды», - деді Уайт.

Еске салайық, бұл жекпе-жек 18 сәуірде өтуі керек болған. Енді Фергюсон - Гэтжи жекпе-жегі 9 мамырда өтеді.

«Гэтжи шаршап қалады». Хабибтің ағасы Гэтжи-Фергюсон жекпе-жегі жайлы

«Биыл төбелеседі деп ойламаймын». Дэйна Уайт Нурмагомедов – Фергюсон кездесуі туралы не дейді

Дастин Гэтжи: Хабиб мені жер жастандыруға тырысса екен деп тілеймін

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;