ММА

«Биыл төбелеседі деп ойламаймын». Дэйна Уайт Нурмагомедов – Фергюсон кездесуі туралы не дейді

«Биыл төбелеседі деп ойламаймын». Дэйна Уайт Нурмагомедов – Фергюсон кездесуі туралы не дейді
news-banner7
mobile-news-top

UFC басшысы Дэн Уайт Reddit форумында қонақ ретінде қатысып, MMA жанкүйерлерімен әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жанкүйерлер ресейлік Хабиб Нурмагомедов пен америкалық Тони Фергюсонның қашан кездесетінін сұрады

«Екеуі қашан төбелеседі, тіпті білмеймін. Бұл мүмкін емес сияқты көрінеді. Егер ұйымдастырып көрсек, бұдан бірдеңе шыға ма екен, содан қорқамын», - деп жауап берді Уайт.

Еске сала кетейік, Нурмагомедов пен Фергюсон арасындағы жекпе-жек бес рет өтпей қалған. Файтерлер UFC 249 турнирінің бастапқы кардында айқасуы керек еді, бірақ Хабиб карантинге байланысты Ресейден ұшып шығу мүмкіндігінен айырылды, ал оны Джастин Гэтжи алмастырды.

Осылайша, 9 мамырда Фергюсон мен Гэтжи UFC жеңіл салмақтағы уақытша чемпионы атағына таласады. Жекпе-жек жеңімпазы Нұрмагомедовпен кездеседі деп болжанып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер