ММА

Дастин Гэтжи: Хабиб мені жер жастандыруға тырысса екен деп тілеймін

Дастин Гэтжи: Хабиб мені жер жастандыруға тырысса екен деп тілеймін
news-banner7
mobile-news-top

Америкалық файтер Джастин Гэтжи UFC промоушнының жеңіл салмақтағы қазіргі чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен болуы мүмкін жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетелік, 9 мамырда қос америкалық Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи жекпе-жекке шығуға тиіс. Екеуінің қай жеңгені Нурмагомедовпен кездесуі мүмкін деген болжам бар.

Гэтжи Фергюсонды жеңетініне үміттеніп отыр және Хабибпен де айқасуды ойлайды.

«Белбеуді таққаннан кейін, онымен тоқтай қоймаймын. Бұл тек бір адым алға жылжу ғана. Олар менің белімді тағып алғаннан кейін, мен тоқтамаймын. Бұл шыңға тағы бір қадам болады. Мен өзімді нағыз чемпион санамаймын.

Мен Фергюсонды жеңемін, содан кейін Хабибпен кездесемін. Мен жеңіл салмақта ең үздік атануға тиіспін. Хабибтің мені барын салып, өлтіруге тырысқанын қалаймын. Әйтпесе, мен оны құрметтемеймін », - дейді Гэтжи

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер