Велоспорт

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» турнирінде топ жарды

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» турнирінде топ жарды
news-banner7
mobile-news-top

Атақты «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысы виртуалды форматта өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің кезекті кезеңіне қазақстандық «Астана» велокомандасының екі спортшысы қатысты.

Шабандоздар компьютерге қосылған арнайы велостанок арқылы 31,5 шақырымды бағындырды.

«Астананың» екі шабандозы да алғашқы үштікке енді. Атап айтқанда Якоб Фульсанг бірінші орын алса, Алексей Луценко 3-сатыға жайғасты.

Естеріңізге сала кетейік, виртуалды «Джиро д’Италия» веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық шабандозы Алексей Луценко топ жарған болатын. Екінші кезеңде Омар Фрайле екінші, үшінші кезеңде Давиде Мартинелли үшінші орын алған. Ал төртінші кезеңде Горка Исагирре екінші сатыға жайғасты.

Алты кезеңнің қорытындысы бойынша «Астана» жалпы есепте көш бастап тұр.


Айта кетейік, виртуалды «Джиро д’Италия» жарысы 10 мамырға дейін жалғасатын болады.

Алексей Луценко виртуалды «Джиро д’Италия» жарысының бірінші кезеңінде топ жарды

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» жарысында екінші орын алды

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» турнирінде екінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер