Велоспорт

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» жарысында екінші орын алды

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» жарысында екінші орын алды
news-banner7
mobile-news-top

Атақты «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысы виртуалды форматта өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің кезекті кезеңіне қазақстандық «Астана» велокомандасының екі спортшысы қатысты. Шабандоздар компьютерге қосылған арнайы велостанок арқылы 32,7 шақырымды бағындырды.

«Астананың» екі шабандозы да алғашқы алтылыққа енді. Омар Фрайле екінші орын алса, Уго Уль алтыншы болды.

Естеріңізге сала кетейік, виртуалды «Джиро д’Италия» веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық шабандозы Алексей Луценко топ жарған болатын.

Айта кетейік, виртуалды «Джиро д’Италия» жарысы 10 мамырға дейін жалғасатын болады.

Алексей Луценко виртуалды «Джиро д’Италия» жарысының бірінші кезеңінде топ жарды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер