Хенок Мулюбырхан Әзербайжандағы көпкүндікте екінші орын алды

Хенок Мулюбырхан Әзербайжандағы көпкүндікте екінші орын алды

XDS Astana Team командасының шабандозы Хенок Мулюбырхан «Баку–Ханкенди Azerbaijan Tour» көпкүндік жарысының жалпы есебінде екінші орын алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Ханкендидегі таулы кезеңмен аяқталды. Соңғы кезең мен жалпы есептің жеңімпазы жаңа зеландиялық Джош Барнетт атанды. Ол соңғы өрдеуде шабуыл жасап, басымдығын сақтап қалды.

Хенок Мулюбырхан қуу тобындағы спринтте жеңіске жетті. Алайда жалпы есепте қарсыласынан небәрі үш секундқа қалып қойды.

Велошабандоздың айтуынша, команда кезеңнің өте ауыр болатынын алдын ала білген және жеңіс үшін күресуге дайындалған. Соңғы өрдеуде қуу тобында жалғыз өзі қалғанын айтқан Мулюбырхан кейін Аарон Гейттің көмегі үлкен рөл атқарғанын атап өтті.

Сонымен қатар ол жарыс кезінде Евгений Федоровтың құлап қалғанын да тілге тиек етті. Оның пікірінше, егер Федоров топқа қайта қосылғанда, нәтиже басқаша болуы мүмкін еді.

Жалпы XDS Astana Team Әзербайжандағы жарысты сәтті өткізді. Команда екі кезеңде жеңіске жетіп, үш мәрте екінші орын алды. Бұдан бөлек, Хенок Мулюбырхан үздік спринтерге берілетін жасыл жейдені және ұпайлық классификацияны жеңіп алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или