Live
Спорттағы коронавирус
Велоспорт

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» турнирінде екінші орын алды

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» турнирінде екінші орын алды

Атақты «Джиро д’Италия» көпкүндік веложарысы виртуалды форматта өтіп жатыр, деп жазады Prosports.kz.

Турнирдің кезекті кезеңіне қазақстандық «Астана» велокомандасының екі спортшысы қатысты. 

Виртуалды жарыс шынайы «Джиро д’Италия-2020» турнирінің 17-кезеңі негізінде өтті. Шабандоздар компьютерге қосылған арнайы велостанок арқылы 25,9 шақырымды бағындырды.

«Астананың» екі шабандозы да алғашқы ондыққа енді. Горка Исагирре екінші орын алса, Алекс Аранбуру оныншы болды.

Естеріңізге сала кетейік, виртуалды «Джиро д’Италия» веложарысының бірінші кезеңінде қазақстандық шабандозы Алексей Луценко топ жарған болатын. Ал екінші кезеңде Омар Фрайле екінші орын алған. Үшінші кезеңде Давиде Мартинелли үшінші сатыға жайғасты. 

Айта кетейік, виртуалды «Джиро д’Италия» жарысы 10 мамырға дейін жалғасатын болады.

Алексей Луценко виртуалды «Джиро д’Италия» жарысының бірінші кезеңінде топ жарды

«Астана» шабандозы виртуалды «Джиро д’Италия» жарысында екінші орын алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0