Теннис

Рафаэль Надаль COVID-19-ға байланысты теннис турнирлерінің биыл болуы мүмкін емес деп санайды

Рафаэль Надаль COVID-19-ға байланысты теннис турнирлерінің биыл болуы мүмкін емес деп санайды
news-banner7
mobile-news-top

Әлемнің екінші ракеткасы Рафаэль Надаль коронавирустық пандемияға байланысты теннис турнирлерінің биыл болуы екіталай деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

«Жыл соңына дейін ораламыз деп үміттенемін, бірақ, өкінішке орай, мен бұған сенімді емеспін. Мен 2021 жылға дайындықты бастау керектігін айтар едім. Мені көбірек алаңдатады осы жылдың соңында өтетін Australian Open-2021 турнирі. Меніңше, бұл турнирдің өтуі екіталай», - деді Надаль.

Еске сала кетейік, наурызда кәсіпқой теннисшілердің қауымдастығы (ATP) және әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) коронавирустың таралуына байланысты барлық турнирлерді тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер