«Барыс» бас бапкер қызметіне үміткерлердің бірін атады

«Барыс» бас бапкер қызметіне үміткерлердің бірін атады

«Барыс» Ари-Пекки Селиннің бас бапкер қызметіне кандидаттардың бірі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Барыс» хоккей клубы бірінші құрамның жаңа бас бапкерін әлі іздеп жатыр. Кандидаттардың бірі - фин маманы Ари-Пекки Селин.

Селин өткен маусымды Финляндияда өткізді, онда Пори қаласының «Эссят» командасын жаттықтырды. Бған дейін 2013/2014 жылғы маусымда «Барысты» баптаған болатын. Оның басшылығымен қазақстандық клуб алғаш рет Чернышев дивизионын жеңіске жетіп, Гагарин кубогы плей-офф кезеңінің екінші кезеңіне шыққан еді», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, сәуірдің аяғында «Барыстың» бас бапкері Андрей Скабелка келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен кеткен болатын.

<h4>«Барыстың» бұрынғы бас бапкері жаңа қызметке келді</h4> <h4>«Барыстың» бұрынғы қақпашысы «Локомотивке» ауысады</h4> <h4>26 ойыншының «Барыспен» келісімшарт мерзімі аяқталды</h4> <h4>«Барысқа» бапкер болудан үмітті Игорь Уланов кім»</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или