Хоккей

«Барысқа» бапкер болудан үмітті Игорь Уланов кім»

«Барысқа» бапкер болудан үмітті Игорь Уланов кім»
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік Игорь Уланов «Барысты» жаттықтыруы мүмкін. Танымал маман астаналық клубтың бас бапкері лауазымына үміткер саналады, деп хабарлайды Prosports.kz Шайба.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен маусымда 50 жастағы ресейлік маман мәскеулік «Спартакта» Олег Знарктың көмекшісі болып жұмыс істеді. Бұған дейін ол Ханты-Мансийскілік «Югра», Тольяттидің «Лада» және Екатеринбургтің «Автомобилисінде» қызмет істеген.

Игорь Уланов ҰХЛ-да көптеген жылдар бойы ойнап, «Виннипег Джетс», «Вашингтон Кэпиталс», «Чикаго Блэкхоукс», «Тампа Бэй Лайтнинг», «Монреаль Канадиенс», «Эдмонтон Ойлерз», «Нью-Йорк Рейнджерс» және «Флорида Пантерз» клубтарында ойнаған. Қорғаушы лигада 778 матч өткізіп, 167 (28 + 139) ұпай жинады.

Еске сала кетелік, 30 сәуірде «Барыс» пен Андрей Скабелканың келісімшарт мерзімі аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер