Хоккей

«Барыстың» бұрынғы бас бапкері жаңа қызметке келді

«Барыстың» бұрынғы бас бапкері жаңа қызметке келді
news-banner7
mobile-news-top

Шайбалы хоккейден қазақстандық «Барыс» командасының бұрынғы бас бапкері Андрей Скабелка Ресейдің «Локомотив» (Ярославль) клубы тізгінін ұстады.

Андрей Скабелка «Барыс» клубы мен Қазақстан құрамасында 2018-2020 жылдарда қызмет атқарды. Екі жылда да плей-офф кезеңінің жартылай финалына дейін жетті. Ал шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы былтыр әлем чемпионатының бірінші дивизионында бірінші орын алып, биыл топ дивизионға жолдама алған еді.

Беларусь маманы бұдан өзге Ресейдің «Металлург» (Новокузнецк), «Торпедо» (Нижний Новгород), «Сібір» (Новосибирск), «Авангард» (Омбы), өз елінің «Гомель» және ұлттық құрама тізгінін ұстады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер