Хоккей

«Барыстың» бұрынғы қақпашысы «Локомотивке» ауысады

«Барыстың» бұрынғы қақпашысы «Локомотивке» ауысады
news-banner7
mobile-news-top

«Барыс» клубының бұрынғы қақпашысы Эдди Паскуале жақын арада «Локомотивпен» келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін «Барыс» ойыншыға келісімді жаңартуды ұсынып жатқанын хабарлаған болатын. Бірақ соңында қақпашы мен оның агенті Алёша Пилко қазақстандық клубта қалудан бас тартты.

Өткен маусымда 29 жастағы канадалық қақпашы ҚХЛ-да 46 матч өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуірде Андрей Скабелканың «Барыспен» жаңа келісімшарт бойынша келісімге келе алмағаны белгілі болды.

25 наурызда ҚХЛ коронавирус пандемиясына байланысты 2019/20 маусымы мерзімінен бұрын аяқталды деп мәлімдеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер