Футбол

«Ақтөбе» жаттығуға қайта кірісті

«Ақтөбе» жаттығуға қайта кірісті
news-banner7
mobile-news-top

«Ақтөбе» футбол клубы жаттығудың қайта басталғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ел Президенті жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 2020 жылдың 4 мамырынан бастап спорттық сабақтар мен жаттығулар өткізуге рұқсат берді. Қазақстанның Кәсіби футбол лигасынан келген хатқа сәйкес, бүгіннен бастап «Ақтөбе» футбол клубы толыққанды оқу-жаттығу жиындарын бастайды. Алғашқы жаттығу бүгін Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтеді. Бүгінгі күнге дейін футболшылар жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүрді », - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, жаһандық пандемияның таралуына байланысты «Ақтөбе» ФК жаттығу жиындарын тоқтатқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер