Юсуф Раисов: Резников екеуміз 24 шілдеде төбелесеміз
Жеңіл салмақтағы бұрынғы ACB чемпионы, қазір ACA ұйымында октагонды қыздырып жүрген Юсуф Раисов Youtube желісіндегң «Мінезді жандар» арнасына сұхбат берді. Ол өзінің ММА спортындағы жалғыз жеңілісі, Артем Резниковқа қарсы кездесу және UFC-ге ауысу туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Осы жылдың наурыз айында Раисов (16-1) қазақстандық үздік файтерлердің бірі Артем Резниковке (21-6) қарсы айқасуға дайын екенін мәлімдеді. Юсуфтың айтуынша, жекпе-жек 24 шілдеде өтеді.
Ресейлік лиганың матчмейкерлері 24 шілдеде Мәскеуде ACA 107 турнирін ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
«Әрине, бұл жекпе-жек 24 шілдеде өтеді. Менің Хендерсон Батиста есімді жақсы қарсыласым болды. Бірақ мен Батистаға қарсы кездесуді кейінге қалдыруды өтіндім. Мен Артем Резниковпен оның сөздері үшін төбелескім келеді. Ол сегізбұрышта бірдеңе дептіі, мүмкін оған біреу айтқызған шығар. Әйтпесе ол өз бетімен айта алмайды. Трештокқа негіз болу керек. Менің мықты қарсыластарым болды. Бірақ Артемнің біреуді жақсылап жеңгенін көрмедім. Мүмкін ол жақсы спортшы шығар. Оның дағдылары жақсы, жақсы жанкүйерлері бар. Бірақ сіз бірдеңе айтқан кезде оның негізі болуы керек.
Мен қазақстандық жанкүйерлердің біздің жекпе-жекті көргісі келетінін байқадым. Ұзақ уақыт бойы мұндай жекпе-жектер өткізген емеспін. Лиганы да бұл жекпе-жекті қызықтырады. Артем бұл жекпе-жекті өзі қалады, сондықтан айқас 24 шілдеде өтеді. Мен өзімді барлық жағынан Артёмнан басыммын деп санаймын.
Жеке басым Артемді ұнатпаймын. Лига баспасөз мәслихатын ұйымдастыратын шығар. Бұл одан сайын қызығушылық тудырады. Жекпе-жек 24 шілдеде өтеді деп сенемін. Оның менімен қазір де төбелесуге дайын екенін айтқан сөзі маған қатты ұнады. Бұл жанкүйерлерге да, бізге де жақсы жекпе-жек болады», - деп түйіндеді Раисов.