Ауыр атлетикадан ӘЧ. Тан Яюнь - әлем чемпионы

Ауыр атлетикадан ӘЧ. Тан Яюнь  - әлем чемпионы

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында әйелдер арасында 48 келіге дейін салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бұл салмақта Қазақстанның намысын Азия ойындарының жеңімпазы Маргарита Елисеева қорғаған. Өкінішке қарай, отандасымыз жұлқа көтеру кезінде үш мүмкіндігін де пайдалана алмай, «баранка» алды. Осылайша медалист болу мүмкіндігінен ерте айырылған Маргарита серпе көтеру жаттығуында жарысты жалғастырудан бас тартты.

Ал 2014 жылғы әлем чемпионы атағын Тан Яюнь алды - 194 (85+109). Күміс медальді қос жаттығу нәтижесі бойынша 189 (84+105) келіні бағындырған түркиялық Сибель Озкан Конак мойнына тақты. Тайландтық Панида Хамсри де жалпы есепте 189 (81+108) келіні көтерген, дегенмен салмағының бірнеше граммға ауыр болуына байланысты Панида қола жүлдені місе тұтты.

Айта кетерлігі, Елисеевадан бөлек түркиялық Нурчан Тайлан қос жаттығуда да тапсырыс берген салмағын бағындыра алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или