русский язык
Әлем футболы

Италия чемпионатының қалған турлары ойнатылады

Италия чемпионатының қалған турлары ойнатылады
news-banner7
mobile-news-top

Кеше Италия Серия лигасы Кеңесінің отырысы болып, онда коронавирустың кесірінен тоқтаған 2019/20 маусымды чемпионатын аяқтау туралы мәселе талқыланды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Италия Серия лигасы Кеңесінің отырысы, егер Италия үкіметі рұқсат берсе, барлық қатысушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты ережелерді толық сақтай отырып, 2019/2020 маусымды аяқтауға ниетті екенін бірауыздан растады.

«Фаза-2» деп аталатын спортпен шұғылдану ФИФА мен УЕФА-ның нұсқауларына, Италия футбол федерациясының (FIGC) шешімдеріне, сондай-ақ футболшылар мен барлық қызметкерлерді қорғауға арналған медициналық хаттамаларға сәйкес жүзеге асырылады», - делінген хабарламада А Сериясының ресми сайтында жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Италия Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны бойынша әлемде үшінші орында. 181 мыңнан астам жағдай тіркелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;