БАҚ: Игитаның мұрасы тарихта қалады
Futsalzoneindonesia басылымы Қазақстан құрамасы мен «Қайраттың» қақпашысы Игита жайлы мақала дайындады.
– Игита – заманауи футзал қақпашысының нағыз үлгісі. Қарсыластары оны кез келген сәтте тосынсый жасай алатын қақпашы ретінде таниды. Ол футболдағы Мануэль Нойер секілді. Игита қақпашы тек соққы ғана қайтаруы қажет деген түсінікті теріске шығарды.
Заманауи қақпашыларға шапшаңдық қана емес, ойынды оқу мен қатар позицияны дұрыс таңдау қажет. Олар қол мен аяғын теңдей қолдана білуі шарт. Сондықтан болашақта Игита секілді қақпашылар көбейе түседі. Игита әлі жас, бірақ оның мұрасы тарихта қалады, – деп жазды басылым.
Естеріңізде болса, жақында Игита төртінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атанған болатын.
<h3>Игита: «Менің елім – Қазақстан»</h3> <h3>Игита тарихи рекорд жаңартты</h3>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или