Футзал

Игита - 2019 жылғы әлемнің үздік қақпашысы

Игита - 2019 жылғы әлемнің үздік қақпашысы
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» қақпашысы Игита «Әлемнің ең үздік қақпашысы» атағына ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бүгін, 26 наурыз, футзал әлеміндегі жеке марапаттар бойынша дауыс беру нәтижелері futsalplanet.com ресми сайтында жарияланды.

«Қайрат» ҚФ капитаны Игита әлемдегі ең үздік қақпашы ретінде үш рет танылғаннан кейін (2015, 2016, 2018) төртінші рет құрметті марапатқа бүгін ие болды.

Игита 693 ұпай жинады, испандық қақпашы Хуанходан 20 ұпайға озып кетті. Үшінші орын 655 ұпай жинаған «Спортинг» қақпашысы Гиттаға бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер