Футзал

Игита тарихи рекорд жаңартты

Игита тарихи рекорд жаңартты
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» футзал клубының қақпашысы Игита 2019 жылғы «Әлемнің ең үздік қақпашысы» атағына қол жеткізді, деп жазады Prosports.kz.

Осылайша, Игита әлемдік футзал тарихында өз атын алтын әріптермен жазды.

Кеше, 26 наурыз futsalplanet.com ресми сайтында футзал әлеміндегі жеке марапаттар бойынша дауыс беру нәтижелері жарияланды. Нәтижесінде Игита мансабында төртінші мәрте мәртебелі марапатқа ие болды. Осы жеңісінен кейін ол «Әлемнің ең үздік қақпашысы» номинациясында ең көп жеңіске жеткен ойыншы атанды. Бұған дейін ешкім де төрт мәрте әлемнің үздік қақпашысы атана алмаған.

33 жастағы қақпашы бұған дейін үш рет - 2015, 2016 және 2018 жылдары жыл үздігі атанған. Игитадан бөлек, италиялық «Аква и Сапоне» қақпашысы Стефано Маммарелла да үш рет «Әлемнің үздік қақпашысы» атанған. 36 жастағы Маммареллаға бұл атақ 2011, 2012 және 2014 жылдары бұйырған.

Кешегі жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының қақпашысы жеке дара көш бастады. Оның үстіне Игитаның бұл номинациядағы жеңістер санын әлі де көбейтуге мүмкіндігі бар. Игита қазірі 33 жаста. «Қайратпен» келісімшарты 2024 жылға дейін жарамды. Демек, ойыншы кемінде 4 жыл жоғары деңгейде өнер көрсетеді деген сөз. Ал оның басты қарсыласы Маммарелла мансабын аяқтаған.

Игита - 2019 жылғы әлемнің үздік қақпашысы

Игита: Өзімді Супермен сезініп тұрмын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер