Футзал

Игита: Өзімді Супермен сезініп тұрмын

Игита: Өзімді Супермен сезініп тұрмын
news-banner7
mobile-news-top

Футзалдан «Қайрат» АФК және Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашысы төртінші рет «Әлемнің ең үздік қақпашысы» номинациясын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен тіпті не айтарымды білмеймін Бұл марапатқа төртінші рет ие болсам да, бірінші рет жеңіп алғандаймын. Қатты толқыдым. Мен бұл сезімімді мен эмоциямды қалай жеткізетінімді білмеймін, бірақ өте тамаша болды. Біз әйелім екеуміз құшақтасып, тіпті жылап та алдық. Әлемдегі ең үздік қақпашы атағын алғаш алғанда осылайболған еді.

Ең алдымен Қазақстанға және барлық қазақстандық футзал жанкүйерлеріне алғысымды білдіремін! Сондай-ақ, Қайрат Айтмолдаұлы Оразбековке алғысымды білдіремін. Маған осы мүмкіндікті бердген сол кісі және онсыз мұндай жеңістер болмас еді. Сондай-ақ, әрине, жаттықтырушылар құрамына, достарыма және командаға, клуб әкімшілігіне көп рахмет. Осы жандар болмаса мұндай дәрежеге жетемін бе, кім білсін? Әрине, ең басты алғыс менің отбасыма: сүйікті әйелім мен қызыма, сондай-ақ сүйікті ата-анама. Олардың мені қолдауы, маған сенгені үшін алғыс айтамын.

Бұл маусым өте қиын өтті, ауыр жарақаттандым, мен әлі емделіп жүрмін. Осының бәрін ескере отырып, мені әлемдегі ең үздік қақпашы ретінде таңдады. Бұл маған қосымша ынталандырды. Бұл сыйлық маған күш береді, мен өзімді Супермен сияқты сезінемін!

Менің алдымда да, клубта да, командада да үлкен міндеттер тұр. Әлем кубогында, сонымен қатар УЕФА Чемпиондар лигасының келесі маусымында ойнауымыз керек. Ол үшін көп жұмыс істеу керек. Мен осы турнирлерде жеңіске жетуді қалаймын және барлық жеке марапаттарды командалық жеңістерге қуанышпен алмастырғым келеді », - деді Игита клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер