Әлем футболы

Француз клубының коронавирусқа шалдыққан дәрігері өз-өзіне қол жұмсады

Француз клубының коронавирусқа шалдыққан дәрігері өз-өзіне қол жұмсады
news-banner7
mobile-news-top

Le Parisien мәліметінше «Реймс» дәрігері Бернард Гонсалес өз-өзіне қол жұмсаған. Жақында 60 жастағы дәрігер мен оның әйеліне коронавирус диагнозы қойылған еді, деп жазады Prosports.kz.

Кеше оның қайтыс болғаны туралы белгілі болды.

Соңғы кезде Гонсалес үйде өзін-өзі оқшаулау жағдайында болған еді.

Дәрігер бұл әрекетін өзінің соңғы жазбасында түсіндірген екен, бірақ Реймс қаласының мэрі Арно Робине журналистерге оның мазмұнын ашудан бас тартты.

Worldometers сайтының хабарлауынша, Франция коронавирустан қайтыс болу саны бойынша әлемде төртінші орынға ие. Бұл дерттен Францияда 7,5 мың адам көз жұмған. Жалпы алғанда 90 мыңнан астам адам қауіпті инфекцияны жұқтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер