Әлем футболы

«Боруссияның» стадионы коронавируспен ауырғандарды емдейтін орынға айналмақ

«Боруссияның» стадионы коронавируспен ауырғандарды емдейтін орынға айналмақ
news-banner7
mobile-news-top

Дортмундтық «Боруссия» «Сигнал Идуна Парк» стадионын коронавируспен күресу үшін ұсынып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Стадионның солтүстік трибунасы коронавируспен ауыратын науқастарды емдейтін, сондай-ақ ауру белгілері бар пациенттерді қарайтын орынға айналмақ.

«Біздің стадион - қаламыздың мақтанышы, Дортмунд пен оның айналасындағылардың барлығына арналған тірек нүкте іспеттес. Оның техникалық, инфрақұрылымдық және орналасқан жерінің өзі вирус жұқтырған адамдарға белсенді көмек көрсетуге таптырмайтын орын. Бұл біздің міндетіміз және осы адамдарға көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды қалаймыз», - делінген клубтың ресми сайтында.

COVID-19 Ухань қаласында (ҚХР) өткен жылдың соңында тіркелген. Әлемде 1 миллионнан астам адам вирус жұқтырған. Оның 58 мыңнан астамы көз жұмды. Вирус жұқтырғандардың 210 мыңнан астамы құлан-таза жазылып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер