Live
Спорттағы коронавирус

УЕФА ұлттық чемпионаттардың уақытынан бұрын аяқталуына қарсы

УЕФА ұлттық чемпионаттардың уақытынан бұрын аяқталуына қарсы

Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы, Еуропа футбол клубтарының қауымдастығы және Еуропа лигалары бір ауыздан Еуропа біріншіліктерін уақытынан бұрын аяқтамауға шешім шығарды.

– Мемлекеттік органдардың қойған талабы бойынша чемпионаттар жақын уақытта жалғасатынына сенімдіміз. Қандай да бір ұлттық чемпионаттың қазіргі уақытта аяқталуы дұрыс емес, - делінген хатта.

Айта кетейік, Еуропада барлық чемпионат тоқтап, Чемпиондар және Еуропа лигасының финалы кейінге шегерілді.

Түпнұсқасы: Prosports.kzОшибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0