Әлем футболы

«Криш, біз Аргентинада сені аздап жек көреміз». Дибала бар шындықты жайып салды

«Криш, біз Аргентинада сені аздап жек көреміз». Дибала бар шындықты жайып салды
news-banner7
mobile-news-top

Португалиялық жұлдыз аргентиналықтың алғашқы нашар көзқарасын теріске шығарды.
«Ювентус» шабуылшысы Пауло Дибала командаласы Криштиану Роналдуға деген көзқарасын қалай өзгерткенін айтты, деп жазады Prosports.kz «Еуроспортқа» сілтеме жасап.

«Мен оған: «Криш, біз Аргентинада сені дене бітімің, өмір салтың, жүріс-тұрысың үшін аздап жек көреміз. Алайда, шындығында сен мені таң қалдырдың, себебі мен сені мүлде басқа қырыңнан таныдым», дедім. Ол болса: «Мен сондай екенімді өзім де білемін. Мұндай сөздерге құлағым үйреніп кеткен», деп жауап берді», дейді Дибала.

Еске сала кетелік, Дибала мен Роналду 2018 жылдан бері туриндік клубта бірге ойнап жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер