Әлем футболы

Клопп: «Ливерпуль» ме, әлде Германия құрамасы ма

Клопп: «Ливерпуль» ме, әлде Германия құрамасы ма
news-banner7
mobile-news-top

Германия құрамасы «Ливерпульдің» бас бапкері Юрген Клоппты ұлттық құраманың қазіргі бапкері Йоахим Левтің орнына басты үміткер ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, «Ливерпуль» Клоппты өз клубында ұстау үшін кәдімгідей күш салуы керек. Клопптың өзі Германия құрамасының бас бапкер қызметіне тағайындалуды мансаптық өсудің қисынды мәні деп санайды.

Дей тұрғанмен, неміс бапкері өткен күзде «Ливерпульмен» 2024 жылға дейін жасалған жаңа келісімшартқа қол қойды.

Юрген Клопп 2015 жылдың қазанында тағайындалғаннан бері «Ливерпуль» әлем футболының үздіктері қатарына оралды. Өткен маусымда мерсисайдтық клуб Премьер-лигада рекордтық 97 ұпай жинады, алайда ел чемпионы бола алмады. Ал Чемпиондар лигасының финалында «Тоттенхэмді» жеңіп, Еуропа футболындағы басты турнирдің чемпионы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер