Путинцева Лимождағы турнирдің екінші айналымына шықты

Юлия Путинцева ITF аясындағы Францияның Лимож қаласында өтіп жатқан турнирдің екінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Бірінші айналымда қазақстандық теннисші корт қожайыны Амандин Гессені екі сетте қапы қалдырды - 6:3, 6:4.

Путинцеваның келесі қарсыласы франциялық Каролин Гарсия мен венгиялық Тимеа Бабош жұбының жеңімпазы болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш турнирдің жүлде қоры 125 мың АҚШ долларын құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или