Әлем футболы

Ибрагимович пен Погба жаңа челлендж бастады

Ибрагимович пен Погба жаңа челлендж бастады
news-banner7
mobile-news-top

«Милан» шабуылшысы Златан Ибрагимович пен «Манчестер Юнайтед» жартылай қорғаушысы Пол Погба футбол фристайлынан жаңа челлендж бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ибрагимович допты қақпақылдағаннан кейін, кеудесімен ұстап тұрды да, бірнеше рет отырып, тұрды. «Карантин кезіндегі дағдылар сізге ұнай ма?» - деп жазды Ибрагимович.

Ал француз жартылай қорғаушысы бірнеше футбол финттерін жасап, артынша допты баскетбол себетіне кіргізіп жіберді.

Қазіргі уақытта Ибрагимович пен Погба коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантинде жатыр. Еуропада аурудың таралу қаупіне байланысты Беларусьтен басқа барлық чемпионаттар тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер