Live
Спорттағы коронавирус
Қазақстан футболы

«Қайратқа» ресейлік футболшы ауысып келді

«Қайратқа» ресейлік футболшы ауысып келді

«Қайрат» футбол клубы ресейлік жартылай қорғаушы Кирилл Колесниченкомен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Алматылық клубтың баспасөз қызметінің жазуынша, 20 жастағы футболшымен келісімшарт үш жылға жасалған. 

Кирилл Волгоград облысының Камышин деген шағын қаласында туып өскен. Он бір жасында Мәскеуге көшіп, «Чертаново» футбол мектебінде тәлім алған. 2015 жылы ойыншы клубтың кәсіпқой футбол лигасына қатысатын ойыншылар тізіміне енген. Осылайша 15 жастағы Кирилл Ресейдің сол кездегі ең жас кәсіби ойыншысы атанған. Сол жылы ол Ресейдің 16 жасқа дейінгі құрамасына шақырту алған.

Ресей Премьер лигасындағы алғашқы матчын 2018 жылы жылы «СКА-Хабаровск» сапында «Уралға» қарсы ойында өткізді. Бұл кезде ол хабаровскілік клубқа жалға берілген.

Кирилл Колесниченко

Туған жылы: 31 қаңтар 2000 жыл
Бойы: 182 см.
Салмағы: 79 кг.
Алаңдағы орны: Жартылай қорғаушы
Азаматтығы: Ресей

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер 0