Басқа

«Соғыс кедергі болған». Тарихта Олимпиада қанша рет және не үшін кейінге қалдырылды?

«Соғыс кедергі болған». Тарихта Олимпиада қанша рет және не үшін кейінге қалдырылды?
news-banner7
mobile-news-top

Кеше ХОК Токиода биыл өтуі тиіс болған Олимпиада ойындарын 2021 жылға қалдырды. Жапон елінің премьер-министрі Синдзо Абэ бұны коронавирус пандемиясының өршіп тұруымен түсіндірді. Дәл осындай шешімнің қабылдануы - уақыт еншісіндегі мәселе еді. Тарихта тұңғыш рет Олимпиада ойындары қауіпті індет қатерінен дәл уақытында өтпейтін болды. Төрт жылда бір келетін жарыстың кейінге қалдырылуы бірнеше рет болған еді. Бірақ бәрінде де Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстар кедергісін келтірген.

Қызықты дерек бар. 1940 жылы Жапония өз тарихында бірінші рет Олимпиаданы қабылдауы тиіс еді. Өтетін орын - Токио қаласы. Алайда, 1938 жылы жапон жауынгерлері Қытай еліне басып кіруіне байланысты, ХОК ойындарды өткізу құқығын Хельсинкиге береді. Соғыс Еуропада да өршіген соң, Швеция да Олимпиаданы қабылдай алмады. Токио Олимпиаданы 1964 жылы өткізді, Хельсинки бұл мәртебеге 1952 жылы ие болды.

1944 жылғы Олимпиада үшін Лондон бірнеше қалалардың алдын орап кетеді. Рим, Детройт, Лозанна, Афины, Будапешт, Хельсинки және Монреальді секілді үлкен қалалар Ұлыбритания астанасына жол берді. Дегенмен, тағы да Екінші дүниежүзілік соғыс зардабын тигізді. Әлемге Олимпиада емес, жан амандығы маңызды болған кезең ғой. Лондон соғыс біте салысымен 1948 жылы бүкіл мықты спортшыларды жинап, Олимпиада ойындарын өткізді.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты 1916 жылғы Берлинде өтеді деп жоспарланған Олимпиада кейінгі қалды. Ол кездегі Германия империясының астанасы Александрияны, Амстердамды, Брюссельді, Будапештті және АҚШ-тың өнеркәсіптік қаласы Кливлендті артта қалдырып, Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алды. Берлин араға 20 жыл салып Олимпиаданы қабылады.

1936 жыл. Берлин Олимпиадасы

Қысқы Олимпиада ойындары да бірнеше мәрте жоспарланған уақытта өтпеді. 1940 жылғы ойындар Саппоро қаласында өтуі керек еді. Алайда, ол кезде бар ойы басқыншылық соғыс қана болған Жапония, Олимпиаданы 1937 жылдың шілдесінде өткізуден бас тартқаннан кейін, жоспарланған ойындар Сент-Морицке (Швейцария) берілді. Бірақ кейінірек, Швейцария комитетімен келіспеушіліктерге байланысты өтінім қабылданбады, содан кейін Олимпиаданы тағы да Германияның Гармищ-Партенкирхен қаласында өткізу туралы шешім қабылданды, алайда Екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан Олимпиада өтпеді. Саппорода Олимпиада 1972 жылы өтті.

1944 жылы Кортина-д'Ампеццода Олимпиада ойындары болған жоқ. Итальяндықтар Ойындарды өткізу құқығын 1939 жылы жеңіп алған еді, бірақ 1941 жылы соғысқа байланысты бас тартты. Кортина-д’Ампеццо өз кезегін 1956 жылға дейін күтті.

Токио Олимпиадасы 2021 жылы өтеді

Олимпиада ойындары өтпесе, Жапония 74 млрд доллар шығынға батады

«Еліміз аман болсын...». Қазақстандық спортшылар коронавирус пандемиясы туралы

Еуропа футболынан үйренеріміз көп

Карантин: Ел спортшыларының тыныс-тіршілігі қандай?

Түпнұсқасы: prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер