Олимпиада ойындары өтпесе, Жапония 74 млрд доллар шығынға батады

окиодағы 2020 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының болмауы жапон экономикасына 7,8 трлн иен (74,2 млрд доллар қазіргі курс бойынша) шығын әкеледі.
<span>Nikko Securities жапон қаржы компаниясының мәліметінше, коронавирустың таралу қаупіне байланысты Олимпиаданы болмауы елдің жалпы ішкі өнім өсімі жылдық есепте 1,4 %-ға қысқарады. Жапон корпорацияның табысы 2020 жылы 24,4%-ға төмендейді деп санайды Nikko Securities. Жапон компаниясы егер коронавирустың таралуы биылғы жылдың шілдесіне дейін толығымен тоқтамаса, Жазғы Олимпиада ойындарының болмайтынына сенімді. Жапонияның ЖІӨ 2019 жылы шамамен 5,15 трлн долларды құраған.</span>
<span>Қазіргі уақытта бұл елде коронавирусты жұқтырғандар саны 1 мың адамнан асты, 12-сі көз жұмған. Вирус жұқтырғандардың көпшілігі (696 адам) – Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері.</span>