Токио Олимпиадасы 2021 жылы өтеді
 
                  Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Халықаралық Олимпиада комитетініне төртжылдықтың басты додасын 1 жылға шегеруді ұсынды.
Коронавирус пандемиясының өршіп тұрған уақытында ХОК басшысы Томас Бах ұсынысты қабылдаған. Биыл 24 шілде мен 9 тамыз аралығында өтуі қажет болған Олимпиада ойындары 2021 жылға қалды. Әзірге нақты қай мезгілде өтетіні анықталған жоқ.
– Олимпиаданы өткізбеу - қате болатынын түсіндік. Сондықтан спортшылар Олимпиадаға нағыз бабында келу үшін, ал көрерменге қауіпсіз болу үшін бір жылға шегеруді шештік, - деді Синдзо Абэ.
Айта кетейік, коронавирус пандемиясына байланысты әлемде барлық ірі спорттық іс-шаралар тоқтады. Жақында футболдан Еуропа чемпионаты да бір жылға шегерілгені белгілі болған еді.
                                          Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
                  
                  
                  
                  
                      Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
                      
                  
                  Комментарии
                                              Для того, чтобы оставить комментарий,  или