«Еліміз аман болсын...». Қазақстандық спортшылар коронавирус пандемиясы туралы

«Еліміз аман болсын...». Қазақстандық спортшылар коронавирус пандемиясы туралы

Жер-жаһанды жайпап тұрған коронавирус індеті өзекті мәселеге айналғалы қашан?! Спорт саласын да тұралатқан зауал қазақстандық спортшыларды да бей-жай қалдырмаған сыңайлы. Осыған орай, Prosports.kz тілшісі отандық спортшылардың әлеуметтік желілердегі парақшаларын сүзіп шыққан.

Жақында ғана UFC ұйымымен келісімшартқа отырған қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Instagram желісіндегі ресми парақшасына «Күш-қуат Аллаһтан» деп арабша жазып, діни бейнеролик жариялады.

Ал танымал боксшы Садриддин Ахмедов «Ассалаумағалейкум баршаңызға! Еліміз аман болсын. Аллаһтың қалауымен, бұл ауруды да артта қалдырамыз! ️» деген жазба қалдырды.

Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов «Коронавирус, кет, кет, кет» атты бейнеролик жариялады.

 

Тағы бір қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров АҚШ-та түскен суретін жариялап, «Аллаһ қаласа, еліміз 2030 жылы осылай көркейсін! Ал қазір мына КОРОНАВИРУСТАН өтіп алайық» деп жазған.

Дзюдошы Ерасыл Болат та «Аллаһ бәрімізді жер-жаһанды дүрліктіріп жатқан кесапаттан сақтасын. Баршаңызға амандық тілеймін!» деген сарында халықтың амандығын тіледі.


 


 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или