Басқа

Карантин: Ел спортшыларының тыныс-тіршілігі қандай?

Карантин: Ел спортшыларының тыныс-тіршілігі қандай?
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстанда коронавирус пандемиясының алдын алу үшін карантин мен төтенше жағдай енгізілгені белгілі. Қоғамның көптеген саласы тұралап, оның ішінде спорттық жарыстар мен турнирлер де кейінге шегерілді. Спорт залдары мен ареналар, стадиондар мен кешендер жабылды. Осыған орай, Prosports.kz тілшісі ел спортшыларының кейбірімен хабарласып, олардың тыныс-тіршілігінен хабардар болған еді.

Лео Игита, футзалдан Қазақстан құрамасының және «Қайрат» АФК қақпашысы:

- Заңға бағынып, үйде отырмыз. Қызыммен бірге ойнап, күні бойы оның көңілін аулаймын. Жалпы осындайда отбасыңа көп көңіл бөлу керек. Жұбайым екеуміз домино, карта ойнаймыз.

Спорттық формамды жоғалтып алмау үшін үйде жаттығу жасап жүрген жайым бар. Гантель, штанга сияқты жабдықтарын сатып алғанмын.

Амал жоқ, бәріне шыдаймыз. Індетпен күресте бәріміз осылай атсалыспасақ, оны жеңе алмаймыз.

Футзалшы сондай-ақ қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

Асу Алмабаев, қазақстандық танымал файтер, М-1 Global уақытша чемпионы:

- Карантиннің енгізілгені дұрыс, әрине. Бірақ еркек басымызбен үйде отыра беру де жараспайды. Медеуге, тауға шығып жаттығуымды жалғастырып жүрмін. Оның үстіне «Жақсылыққа ұмтылыс» атты тобымыз бар. Қайырымдылықпен айналысып тұрамыз. Осыдан екі күн бұрын қаладағы базарлардың біріне барып, маскалар мен стерильді қолғаптар тараттық. Одан кейін мұқтаж жандарды тегін азық-түлікпен қамтамасыз етіп қайттық.

Екатерина Павловская, бодифитнестен Азияның абсолютті чемпионы:

- Елде карантин режимі енгізілгені белгілі. Оқшаулау саясатын мен де қолдаймын. Осындай мүмкіндік барда үйде отырып, қызыма көп көңіл бөлуді жөн санаймын. Бұрын қол тимей жүрген еді, спортшыларға пайдасы зор әдебиет терді оқып жатырмын. Клиенттеріммен жаттығулар өткізу үшін қала саябақтарының ашылуын күтіп жүрміз. Ал қазірше клиенттерімнің арасында дұрыс тамақтану жөнінде онлайн-кеңестер өткізіп жатырмын.

Жаттығу жайлы айтар болсам, үй жақтағы алаңқайда жүгіріп, денемді шынықтыруды жалғастыра беремін және бәріңізге солай етуге кеңес берер едім. Карантин бос жатуға себеп болмауы керек.

Бақдос Олжабай, ұлттық жекпе-жек шебері, файтер:

- Туған жерім – Жетісайдамын. Вирустық инфекция жоспарлы жұмыстарымызды тоқтатып тастағаны анық. Дей тұрғанмен мойымаймыз. Ауылда жүргеннің де пайдасы зор. Туған-туыстың арасында жүру де қосымша күш береді. Оның үстіне ауылда қара жұмыс көп қой. Физикалық дайындыққа өте жақсы. Атқа мінуді жақсы көремін. Жаттығуға да көп көңіл бөлемін. Бапкеріммен ақылдасып отырамыз. Оның кеңесін тыңдап, соны жүзеге асыруға тырысамын. Ал Қазақстан халқына сабырлылық тілеймін. Бәріміз бірігіп жеңіп шығармыз.

Дайындаған: Мадияр Арстанбаев

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер