«Мерзімінен бұрын аяқтай салу керек шығар». Исламбек Қуат РПЛ маусымы туралы

Қазақстан ұлттық құрамасының және ресейлік «Орынбордың» жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат «Советский Спорт» газетіне берген сұхбатында Ресей Премьер-лигасын мерзімінен бұрын аяқтап, 22 турды соңы тур деп тануды қолайлы ең нұсқа екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бәлкім, бұл бір жақсы нұсқа болар еді. Кем дегенде тағы бір ай матч болмайды. Үзіліс ұзаққа созылуы мүмкін. Ал, чемпионат қашан аяқталады? Арғы жағында жаңа маусымның басталуы да алыс емес. Сондықтан, дәл қазір чепмионатты аяқтай салуға болады», - дейді футболшы.
Еске сала кетелік, Исламбек Қуат алматылық «Қайраттан» «Орынборға »соңғы қыстық трансферге ауысты. Команда құрамымен РПЛ-да 3 матч өткізіп, алаңда жалпы 218 минут ойнаған қорғаушы екі сары қағаз алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или