«Галатасарай» бас бапкері Фатих Терим коронавирус жұқтырды

«Галатасарай» бас бапкері Фатих Терим коронавируспен ауырды. Бұл туралы 66 жастағы маман өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бүгін өткізген медициналық зерттеулердің нәтижелері бойынша маған коронавирус диагнозы қойылды. Қазір мен ауруханада дәрігерлердің бақылауындамын. Уайымдамаңыздар», - деп жазды Терим.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін коронавирус Галатасарайдың вице-президенті Абдуррахим Албайрактан табылған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или