ММА

Хабиб Нурмагомедов АҚШ-тан COVID-19 жағдайына байланысты Ресейге оралды

Хабиб Нурмагомедов АҚШ-тан COVID-19 жағдайына байланысты Ресейге оралды
news-banner7
mobile-news-top

COVID-19 коронавирусының пандемиясының қауіпіне UFC жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов АҚШ-тан Ресейге оралды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Ресейлік ақпарат агенттігіне Хабибтің менеджері Ризван Магомедов хабарлады: «АҚШ-та ешкім жоқ, бәрі Ресейде».

Сан-Хоседегі жергілікті билік коронавирустың таралуын болдырмауға Хабиб жаттығып жүрген залды жауып тастады.

Еске салсақ, 18 сәуірде Нурмагомедов Бруклинде (Нью-Йорк, АҚШ) американдық Тони Фергюсонмен жұдырықтасуы керек еді. Алайда, жергілікті билік органдарының бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуына байланысты UFC енді UFC 249 турнирін ұйымдастыратын басқа жер іздеуге мәжбүр болды.

Қазіргі уақытта АҚШ коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша үшінші орында тұр. Deutsche Welle мәліметінше, Джон Хопкинс атындағы Американдық жеке университетінің мәліметі бойынша, 22 наурыз жексенбі күні таңертең АҚШ-та 26 747 жұқтырылған адам тіркелген.

Вирус жұқтырғандар саны бойынша АҚШ-та бірінші орында Нью-Йорк (12 315 жағдай) тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер