Әлем футболы

«Барселона» ойыншылары жалақыларын төмендетуге келісім берді

«Барселона» ойыншылары жалақыларын төмендетуге келісім берді
news-banner7
mobile-news-top

Каталониялық «Барселона» президенті Хосеп Мария Бартомеу команда жетекшілерімен коронавирустық пандемиядан келетін экономикалық шығындар салдарынан ойыншылар жалақысын төмендету туралы сөйлесті. Ойыншылар жағдайға түсіністікпен қарап, клуб талабымен санасатындарын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz испаниялық бұқаралық ақпатат құралдарына сілтеме жасап.

Клуб карантинге байланысты билеттер мен трансляциялардан ғана емес, сонымен қатар компания дүкендерінде сатылымның төмендеуінен де шығынға ұшырайды. да ақша жоғалтады. Сонымен қатар, барселоналықтар өз музейінде және «Камп Ноуда» түрлі іс-шаралар өткізе алмауы себебінен бюджетін қампайта алмайтын болды.

«Барселона» басшылығы мен ойыншылардың жалақыны төмендету туралы келіссөздері ертерек басталып кетті, бірақ екі жақ та келісімге келуге дайын екендіктерін білдірді. Сонымен қатар, аталған келісім осы маусым қайтадан жалғасқаннан кейін белгілі болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер