ММА

Раисов АСА басшылығынан Резниковке қарсы жекпе-жек ұйымдастыруын сұрады

Раисов АСА басшылығынан Резниковке қарсы жекпе-жек ұйымдастыруын сұрады
news-banner7
mobile-news-top

Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Юсуф Раисов АСА басшылығынан қазақстандық файтер Артем Резниковпен жекпе-жек ұйымдастыруын сұрады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Әрбір айтылған сөз үшін, тек октагонда емес , оның сыртында да жауап беру керек. АСА 107 турнирі болмайтын болған соң, АСА басшылығына бірден Резниковпен төбелескім келетінін айттым. Қазақстандық жанкүйерлерге алғысым шексіз. Олар болмағанда Резниковты байқамайтында едім. Осы жекпе-жекті ұйымдастырыңдар. Мен бар күшімді октагонда көрсетемін», – деді Раисов инстаграм парақшасында.

Естеріңізге салатын болсақ Артем Резников Алматыдағы АСА 105 турниріндегі жеңісінен кейін Юсуф Раисовты жекпе-жекке шақырған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер