Бокс

WBC Головкин – «Канело» трилогиясына байланысты мәлімдеме жасады

WBC Головкин – «Канело» трилогиясына байланысты мәлімдеме жасады
news-banner7
mobile-news-top

Бүкіләлемдік боксшылар кеңесі (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы үшінші жекпе-жектің өту мүмкіндігі туралы қысқаша баяндама жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

«Бірнеше дереккөздің мәліметінше, мексикалық чемпион Сауль «Канело» Альварес Геннадий Головкинмен үшінші рет рингте кездесу үшін келісімге қол жеткізген. Алайда ресми ақпараттың жоқтығына байланысты, «Канело» мен Головкин үшінші кездесуді «жандыру» үшін өздерінің кезекті жекпе-жектерін жеңуі тиіс», – деп жазылған WBC релизінде.

Еске сала кетелік, Сауль Альварес ора салмақа WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы, сондай-ақ орта дивизиондағы WBC ұйымының «франшизалық» чемпионы (бұл атақты одан ешкім тартып ала алмайды). Орта салмақтағы WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло саналады.

Ал Геннадий Головкин - IBF және IBO нұсқалары белбеулерінің иегері.

Фото givemesport.com

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер