«Тобылдың» жастар құрамы жаттығудың жаңа түріне көшті

«Тобылдың» жастар құрамы жаттығудың жаңа түріне көшті
news-banner7
mobile-news-top

Қостанайлық «Тобылдың» жастар құрамы жаттығудың жаңа форматына көшті, деп хабарлайды Prosports.kz fctobol.kz сайтына сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Екінші лига чемпионатының басталуы елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты кейінге шегерілген болатын. Бұл резервтік құрамды дайындау жоспарына айтарлықтай түзетулер енгізді, Олег Лотовтың шәкірттері Шымкентте келесі оқу-жаттығу жиынында болу керек еді.

ҚКФЛ клубтарға жаттығулардан бас тартуды ұсынды, сондықтан жастар құрамасы интернеттегі жеке онлайн сабақтар форматына көшті. Футбол ойыншылары жаттықтырушылар құрамынан тапсырма алады, содан кейін атқарылған жұмыстары туралы есеп жібереді.

Бұл форматта қостанайлықтардың жастар құрамасы толыққанды жаттығу процесі басталғанға дейін жұмыс істейді.

Айта кетелік коронавирус пандемиясына байлаысты Қазақстан Республикасының аумағында 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай енгізілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер