Әлем футболы

Италияның спорт министрі А сериясының мамырда қайта басталатынын айтты

Италияның спорт министрі А сериясының мамырда қайта басталатынын айтты
news-banner7
mobile-news-top

Италияның спорт министрі Винченцо Спадафора футболдан А сериясының ойындары мамырдың басында қайта басталады деген сенім білдірді, деп жазады Prosports.kz.

«Біз барлық федерациялар мен басқа да спорт ұйымдарын 30 мамырға дейін салық міндеттемелерінен босаттық. Мемлекеттік мүлікке жалдау уақытша тоқтатылып, ондаған мың спортшыларға 600 евро мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалды. А сериясын 3 мамырда қайта бастауға болатынына сенімдімін. Кездесулерді көрерменсіз өткізу немесе ашық стадионда ойнау мәселесін сол кезде шешеміз», - деді Спадафора.

Айта кетейік, коронавирустық пандемияға байланысты бүкіл әлемде жарыстар тоқтатылады. Көптеген матчтар көрерменсіз өтеді. Еуропадағы барлық елдің чемпионаттары тоқтатылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер