Теннис

«Ролан Гаррос» турнирі күзде өтеді

news-banner7
mobile-news-top

Коронавирус қатеріне байланысты «Ролан Гаррос» турнирі кейінге шегерілді.

Франция ашық чемпионатының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, «Ролан Гаррос» жарысы 20 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін болды.

Аталмыш дода биыл 18 мамырда басталуы тиіс еді. Алайда ұйымдастырушылар карантиндік шараларға байланысты бұл уақытта өткізуден қауіптенуде. «Бұл қазіргідей қиын кезде біз қабылдаған күрделі де батыл шешім болды. Денсаулық пен қауіпсіздік үшін күресте бір болып, бәріне жауапкершілікпен қарауымыз керек», деді Франция теннис федерациясының президенті Бернар Гудичелли.

Осылайша «Ролан Гаррос» турнирі Метц (Франция), Санкт-Петербург (Ресей), София (Болгария), Чжухай және Чэнду (Қытай) жарыстарымен бір кезде өтетін болды. Осы мерзімде Бостонда (АҚШ) Лэйвэр кубогы да болады. «Ролан Гаррос» – жыл сайын өтетін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бірі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер