Әлем футболы

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалдық ойындары кейінге шегерілді

Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалдық ойындары кейінге шегерілді
news-banner7
mobile-news-top

УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының финалын кейінге қалдыруға шешім қабылдады. Marca-ның хабарлауынша, Чемпиондар лигасының кубогы үшін матч 30 мамырдан 27 маусымға ауыстырылды. 27 мамырға белгіленген Еуропа лигасының шешуші ойыны 24 маусымда өтеді деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Чемпиондар Лигасының финалы Стамбулда «Ататүрік Олимпиада стадионында», Еуропалық Лиганың финалы Гданьск қаласындағы «Энерга Гданск» аренасында өтеді.

Еске сала кетелік, 17 наурызда Еуропалық футбол қауымдастықтарының одағы (УЕФА) бейнеконференция түрінде жиналыс өткізіп, коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жылғы Еуропа чемпионатын 2021 жылдың жазына ауыстыру туралы шешім қабылдадды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер