Абылайхан Жүсіпов Аммандағы турнирдің алғашқы кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Абылайхан Жүсіпов Аммандағы турнирдің алғашқы кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

Бокстан Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Абылайхан Жүсіпов Аммандағы іріктеу турнирін жеңіспен бастады.

69 келіде жұдырықтасқан Жүсіпов турнирге екінші айналымда қосылды. Бүгін ол моңғолиялық Мишил Баттумурмен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Абылайханның басымдығымен өткен кездесу аяқталар тұста моңғолиялық боксшының қабағы жарылып, жекпе-жек тоқтатылды.

Айта кетелік, Абылайхан ширек финалда таиландтық Масуук Вуттичаймен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или