Бокстан құрлықтық іріктеу турнирі: Қазақстан спортшыларының жарыс кестесі
<span>Иорданияның Амман қаласында бокстан Азия/Мұхит елдері аймақтық Олимпиадаға іріктеу турнирі басталды. </span>
<span>Шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынамыз. </span>
<span> 4 наурыз күні Қазақстан әйелдер командасының екі өкілі жұдырықтасады. 57 келідегі Дәметкен Келімбет қытайлық Инь Юнхуамен кездессе, 60 келідегі Римма Волосенко үндістандық Бац Симранжит Каурмен қолғап түйістіреді. </span>
<span> Кешкі сессия жекпе-жектері Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 21:00-де басталады. Қазақстан ерлер командасы іріктеу турнирін 5 наурызда бастайды. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или