Мария Шарапова мансабын аяқтады
Әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, «Үлкен Дулыға» турнирлерінің бес дүркін жеңімпазы Мария Шарапова Vanity Fair сайтында мансабын аяқтайтыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
32 жастағы теннисші аталған сайтта жариялаған қоштасу сөзінде, жанұясы мен жанкүйерлеріне алғыс айта отырып, жиырма сегіз жыл айналысқан сүйікті спортына деген қимастық сезімін жеткізді.
2016 жылғы 7 наурызда ресейлік спортшыдан алынған допинг-тест оң нәтиже көрсетті. Сөйтіп, үш айдан кейін ол екі жылға спорттан шеттетілді. Бірақ апелляциялық шағымнан кейін оны спорттан шеттету мерзімін 15 айға дейін қысқартылған болатын.
Шарапованың мансабында WTA турнирлерінде 39 мәрте жеңіске жеткен (оның 36-ы жекелей сында). Сонымен қатар ол - Федерация кубогының иегері (2008), 2012 жылғы Олимпиада ойындарының жекелей сында күміс жүлдегері.