Қазақстандық теннисші әлем рекордын қайталады
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохада өтіп жатқан Premier санатындағы турнирдің екінші айналымына өтіп, соңғы 11 жылда ешбір теннисші бағындыра алмаған рекордты қайталады, деп жазады Prosports.kz.
Турнирде 14-нөмірмен өнер көрсетіп жатқан Рыбакина алғашқы матчта Румыния өкілі Сорана Кирстяны 3:6, 6:3, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 41 минутқа созылды.
20 жастағы Рыбакина 2020 жылы WTA турнирлерінде 20 матчта жеңіске жеткен алғашқы теннисші болды. 2009 жылы қаңтар-ақпан айларында 20 матчта қарсыластарын ұтқан Елена Демьентева бұл рекордты тіркеген еді. Өткен онжылдықта әлемдегі бірде-бір теннисші бұл жетістікті бағындыра алған жоқ.
Дохадағы турнирдің үшінші раундына шығу үшін Рыбакина бельгиялық Элисон Ван Эйтванкпен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или